”БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ АТА-АНА"
14 қыркүйекте "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында "Маңғыстау Руханият" қоғамдық қорының мұрындық болуымен колледж əкімшілігінің қолдауымен Отбасы күніне орай "Баланың бас ұстазы - ата ана" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Ақтау қаласы əкімдігінің аналар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Райса Маденова, Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау әмбебап кітапханасының бөлім басшысы Гүлшат Сәрсенбаева, Германиядағы Кеңес əскерінің тобы жəне Варшава келісім шарты əскерлерінің тобы республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері Жүсіп Мырзағали мен Узақ Дүсенбай жəне колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Жиында ұлағатты рухани бағыттағы əңгімелер айтылды. Ұстаз Райса Иванқызы өзінің өнегелі өмір жолын жастарға жан жақты таныстырды. Гүлшат Сәрсенбаева да атақты жазушы Зейнеп Ахметованың кітаптарындағы ұлағатты тұстарын ортаға салды. Ардагер ағалар да өздерінің тағдыр жолын айтып өтті. Жиын барысында жастар өздерінің сауалдарын қойып тұщымды жауаптарын алды. Жиынды ұйым төрағасы Аллаберген Қонарбаев жүргізіп отырды. Шара аясында отбасыға қатысты белгілі жазушылардың шығармалары қойылған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Шара жоғары дәрежеде өтті. #отбасымбайлығым #отбасықұндылықтары #кітапоқудыңпайдасы #отбасыжәнекітапхана
Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді “Маңғыстау” газетінің белді тілшісі Үміт Жәлекенің әңгімелер жинағы түрік тіліне аударылып, ...
30 наурыз күні облыстық кітапхана техникалық әдебиет бөлімінде "Табиғат әлемінің әсемдігі - бөлшектерде" 23 наурыз- Бүкіләлемдік метеорология ...
30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ...
16-наурыз күні кітапханамызда «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері»(1998), Ғарифолла Құрманғалиевтен тікелей сабақ алған шәкірті, Маңғыстау ...
2-наурыз күні Ш. Есенов Университеті және Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының ...
СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ... «Болмасын әйел назалы, Болмасын әйел жазалы. Кеудесін қаққан талайдың, Әйелден болған ажалы!» ...
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік ...
28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін қосқан ел ағаларының бірі, өлкетанушы, журналист, Қазақстан ...
28-ақпан күні кітапханамызда ерекше іс-шара өтті. Ерекше дейтін себебіміз — ХХ ғасырдың басында "қазақ халқының көзі, құлағы һәм тілі" болған ...
22-ақпан күні кітапханамыздың оқу залында Ислам әлемін крестшілер шабуылынан және моңғол шапқыншылығынан құтқарған Мәмлүктер мемлекетінің төртінші ...